Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 18
– Жарайды, олай болса өздерің білесіңдер. Менің сендермен біраз әңгімелесетін ниетім бар еді.
– Қожеке, асығыс Ақмолаға жүріп бара жатырмыз, келесі жолы арнайы келіп сөйлесемін, – деді Шоң.
Дегенмен, әлгінде Әлсеннің би болуға бара жатырмыз деген сөзі ойынан шықпай тұр еді, шыдай алмай, Қожамжар Шоңнан сұрады.
– Мына Шөміштің баласы би болмақшы. Ал мына інің ше? – Бұл кезде Шоңның іздеп отырған адамы Түсіп те келіп қасында тұр еді.
– Бұл Әлсен сізге ойнап айтады. Біз жай базардағы мал құнының нарқын білгелі бара жатырмыз. Әлгінде айттым ғой, Әлсеннің би боламын деген сөзді Қожамжар көзінше айтқанын ұнатпай қалған. Күні бұрын жария еткен Әлсеннің әлгі қылығын жақтырмай тұр еді. Бір жағынан ертеңгі күні өтпей қалса, Шоң өткізе алады деп айту үшін де мына сөзді Әлсен әдейі айтып тұрғанын сезді. Бұл Әлсеннің өзінше қулығы екенін Шоң түсінді. Сосын әңгіме бетін басқа жаққа бұру үшін:
– Түсіп, біз мына үшеуіміз базар нарқын білгелі бара жатырмыз. Сен барасың ба? – деп Түсіп қарады. Ол әкесіне қараған.
– Бар, биыл біраз мал сатылуы керек. Мына орыстар жерді тарылтып жіберді ғой.
Шоң Қожамжардың орыстарды еске алып, сөзді ұзатып жібергелі отырғанын білді де:
– Ал, Қожеке, рұқсат болса біз жүреміз…
«Жолдарың болсын» айтып Қожамжар қала берген еді. Түсіп бұлармен бірге кеткен. Былай шыққан соң Түсіпке не себепті Ақмолаға апара жатқандарын туралап, ашық айтты. Түсіптің кәдімгідей көзі күлімдеп, қуанып қалды. Жабағылардың ішінен өзін таңдап алып әкетіп бара жатқан Шоңға риза болған. Ол әлгінде әңгіменің шет жағасын естіген Шоңның ойыны ма, шыны ма, әлі де біле алмай келе жатқан. Өйткені, оның шыны ма, ойыны ма, түсініп болмас, қулыққа толы сөздері мен мінезі көп екенін білетін. Әлгінде әкесіне базар нарқын білеміз деп, енді айтып келе жатқаны мынау. Ол қуанып қалды, алайда сол күйін сездірмеуге тырысты. Бірақ та оның көңіл-күйі неге көтеріліп қалғанын үшеуі де сезіп келе жатыр еді. Шоң сөзін жалғады:
– Сендер қазақтың жағдайын ойлайсыңдар ма, әлде патшаның саясатын қолдайсыңдар ма?
Қулығы мол Әлсен сұрады:
– Сен кімнің саясатын жүргізесің?
– Мен орыстың да саясатын жүргіземін.
– Біз де соны жасаймыз, – деді Әлсен.
– Халқыңның қамын ойламасаңдар, онда сендерден қандай би шығады. Кейін қайтындар, – деді Шоң.
– Сен өзің ғой, орыстың саясатын жүргіземін дейсің. Енді мен не айтуым керек?
– Мені болыс сайлап, соған мәжбүрлеп отыр. Амалсыз соны жасауым керек. Билер әруақытта алдымен ел қамын ойлауы керек. Ал сен орыс саясатын қолдаймын дейсің.
Әлсен бір пәлеге қалдым ба деп ойлады да:
– Сен өзің ашып айтсайшы, орыстың саясаты қайсы, қазақтікі қайсысы?
– Міне, казак-орыстар көшіп келіп жатыр. Мұның