Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 26
Шоң бәрін жақсылап келтіріп тұрып айтқан еді. Алайда, бұл айтқаны Карповтың көңілінен шықты ма, шықпады ма, біле алмаған еді.
– Шоң Телкозинович, егер ол адам атақты болса, сіздің елдің тарихында қалай сақталып қалмаған.
– Мен сізге кезінде Шығысхан ұрпақтары оған жау болғанын айттым ғой. Тіпті, оны тас-талқан етіп жеңіп, соғыста болған адамды түгел өлтіріп жіберген. Ол Отырар ханы Қайып ханнан кейін қыпшақтан шыққан, Шыңғыс хан тұқымдарына қарсы тұрған екінші хан. Египет жерін де бір кезде Бейбарыс атты қыпшақ билеген. Шыңғыс хан тұқымдары оның да көзін құртпақ болған. Египетке қарсы соғысқа аттанған. Ал сол Шыңғыс хан тұқымдарының әскері Бейбарысты жеңе алмаған. Бірақ ол туралы бір қазақ білмейді. Бәрі насихатқа байланысты.
– Менің таңқалғаным, сол аталған хандықтарды Шыңғыс хан ұрпақтары сол қыпшақтардан шыққан әскерінің күшімен қырды ғой.
– Арада пәлен жүз жыл өткен. Олар қыпшақ екенін қайдан білсін. Петр Константинвич, есіңде болсын, есімі жиі айтылмаса адамдар тегін тез ұмытып кетеді. Менің сізге айтып отырғаным – сол қыпшақ мемлекетінің адамдарын түгел дерлік қырып жіберген. Турасын айтқанда, Шыңғыс хан тұқымдарының бастауымен қыпшақтарды қыпшақтар қырған. Содан қалған бірен-саран адамдар қазақ атын атауға қорыққан. Ал олардың балалары тіптен қыпшақ екенін де білмеген. Сондықтан ол хан есімі біржола ұмытылып кеткен. Менің ойымша тарих әділдікті жақсы көретін болуы керек, қараңызшы, ақыры сол қазаққа жау Шыңғыс тұқымдарының өзі өз хандығын соның атымен атап отырғанын. Ешбір қазақ казір ол хандық туралы білмейді деуге болады. Хан аты қазақ бар да, ал ол туралы ел жадында сақталған ештеңе жоқ. Қазақтар ол кісінің кім екенін де білмейді Хан тұқымдары оны елге жаманатты көрсету үшін кезінде кәззап, жендет деген сөздермен жайған көрінеді. Шын мәнінде, біздер, қазақтар өзімізді қазақ емес, қыпшақ деп атауымыз керек еді. Шыңғыс хан мемлекеті қыпшақтардың арқасында жеңіске жеткен кезінде. Хандар оны болдырмау үшін өз елдерін билеген хандардың атымен атаған еді. Бұл нағыз тағдырдың тәлкегі шығарға болжаймын. Олай болмағанда, қазіргі Өзбек, Қазақ