Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 23

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

Карбышевтың мұны қулықпен жасайтынын білетін. Үндемей қалуға тағы болмайды. Онда ояз ренжиді. Шоң дұрысын, әділін айтуға тырысатын. Бүгін де пікір алу үшін шақырған шығар деген оймен үйге кіріп келсе бір бейтаныс орыс отыр екен. Карбышев сөз бастап кетті.

      – Петр Константинович, сізге айтқан адамым осы кісі болады. Орыс тілін менен де жақсы біледі.

      Мына сөзді естіп әлгі адам қуанып қалды. Орнынан тұрып, Шоңға қолын берді.

      – Мен жергілікті адамдармен сөйлесуім қиын бола ма деп қауіптеніп жүр едім, бұл кісінің орысша білгені қандай жақсы болды!

      Карбышев жасырған жоқ, турасына көшкен еді.

      – Петр Константинович Санкт-Петербургтегі шенеуніктер алдында кінәлі болып қалып, осылай жіберген екен. Шоң Телқозинович, бұл адам киргиздардың арасында тұрамын дейді. Оған қалай қарайсыз?

      – Мен бұған қуанбасам, ренжімеймін!

      – Ендеше, сіздің аулыңызда тұрсын. Қанша тұратынын Петр Константиновичтың өзі де, мен де білмейін. Ол мәселе жоғары жақтың қолында.

      Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін саясатпен сотталған адамдарды, жер аударылған адамдарды Сібірмен қоса осы жаққа жер аударып тұру әдетке айналған еді. Шоң оны жақсы білетін. Ақмолада істеп жүргенде мұндай адамдардың санын көрген. Оларды көбіне Ақтау, Ортау тәрізді кісі аз бекіністерге, жаңа құрыла бастаған Атбасар сияқты орыс станцияларына жіберетін. Қазақ ауылына жібермермейтін. Оның үстіне тілді білмегендіктен бе, олар қазақ арасына баруды қаламайтын. Ал мына кісі өзі киргиздар арасына баруға сұранып отырғанын біліп, қуанып кеткен. Мұндай адамдар орталықта не болып жатқан, саясаттағы жағдайды жақсы білетін, бір ғажабы жасырмай ашық айтатын. Шоң осы жаққа жер аударылып келген бірлі-жарым адамдармен сөйлесіп, көзі соған әбден жеткен еді. Мына адамға осынша қамкорлық жасап, өзінің тілеген жеріне жіберуіне қарағанда Карбышевтің бір жақын таныс адамы деп ұққан еді Шоң. Біраз таныстықтан соң Карбышевтің пәуескесімен екеуі Нұра бойына жүріп кетті. Жолай келе жатқанда конағы айтқан, мені Сібірге қарай жіберіп коятын еді. Санкт-Петербургте бір жолдасым бар еді, сол Омбыдағы бір жолдасына хат жазып берді. Сол кісінің арқасында осылай – онтүстікке қарай жіберді.

      Бұл адамының аты – жөні Петр Константинович Карпов екен, былай шыққан соң әлгі адам өз өмірінен біраз хабар берген. Осылайша Шоң қонағының өз аузынан өмірі жайлы біраз мәлімет алған. Содан екеуі жақсылап танысып алды. Карпов Шоңнан бұл жақтағы ауа райы туралы сұрады. Ептеген өкпе ауруы бар еді, содан қорқып келе жатқанын да жасырған жоқ. Шоң оның қазақ аулына келуінің тағы бір сырын білгендей болды. Кейбір орыстың өкпесі ауыратын мықтылары Ақмолаға келіп, қазақтарға өзен жағасына бірнеше бие байлатып, жаз айларында жатып қымыз ішетінін білетін. Содан Шоң оның қойған сұрағына байланысты жауап берген.

      – Біздің жақтың жазы ыстық, қысы суық болады. Суығы Сібірден бір кем емес екенін, орыстардың өз аузынан естіген еді Шоң.

      Мына сөзді естіп ол қорқып кеткендей болды.

      – Мен

Скачать книгу