Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 27
– Сіздің мына айтып отырғаныңыз ғажап тарих екен. Егер кезінде ұйымдастырушы адам болғанда ол мемлекет жер бетіндегі адам айтып болмас үлкен мемлекет болады екен ғой. Сіз қандай оқу орнын бітірдіңіз?
Бұл сұрақты бұрын Шоңмен кездескен адамдар жиі беретін.
– Үш жылдық татар-орыс мектебін бітірдім. Дұрыстап айтқанда, киргиз-орыс мектебі болар. Өйткені, оқудың бәрі татар-орысша жүргенімен негізінен киргиз балалары оқыды. Сондықтан қазір кейбір орыстар киргиз мектебі деп атап жүр.
– Әлгі айтқаныңыз ешкім білмейтін тарих ғой. Сол туралы жазыңыз!
– Петр Константинович, бір кезде мен «Омбы ведомосына» қазақ, казактың қайдан шыққаны туралы жазғам. Сол үшін менің өзімді кінәлап жазып жіберіпті. Карбышевтің арқасында қалдым. Әйтпесе, мені Сібірге айдатып жіберетін түрлері де бар еді.
– Әр нәрсенің өз уақыты бар. Одан озамын дегенмен түк шықпайды. Сіздерге де халқыңыздың дұрыс атауын уақыты келгенде амалсыздан береді, оған уақыт керек. Мен оған қанша заман керек екенін тап басып айта алмаймын. Шыдау керек. Бірақ сіз білгеніңізді қағаз бетіне түсіріп кетіңіз. Келешек ұрпақ сіз білгенді білмеуі мүмкін.
Шоң мына адамның дұрыс ойлап, дұрыс ақыл беріп отырғанын біліп, енді оған деген айрықша сенім пайда болды. Шоң еркін сөйлей бастады.
– Петр Константинович, бір кезде казіргі Ташкент қаласына жақын жерде Отырар деген шаһар болған. Бұл қала заманында дүние жүзіндегі ең үлкен қалалардың бірі болған. Соны Шыңғысхан алты ай қоршап жатып, ала алмаған еді. Шын мәнінде Шыңғысхан сол заманның ақылды адамы болған сияқты. Қала маңайында барлық қыпшақтар арасында үгіт жүргізіп, сендерге мына батыста жатқан халықты бағындырып беремін. Әрқайсың бай боласыңдар, ондаған құлдарың болады деген еді. Олар Шыңғыс ханның сөзіне сеніп қалды. Содан Отырардың ханы Қайыр ханды кыпшақтардың өзіне талқандатты. Әйтпесе, Шыңғысхан өздерінің аз төлеңгіттерімен орыстарды да, Орта Азияны жаулап ала алмас еді. Ел басшылығы ақылды болып, мықты әскері болса, оған қарсы келер күш жоқ. Шыңғысхан ақылды да, айлакер болған. Егер Қайыр хан одан ақылды болса, казіргі тарих басқаша ме өрбір ме еді, кім білген?!
– Бұл сөзіңде шындық жатыр. Тарих дөңгелегі басқаша айналар ма еді…
– Сіз өзіңіз айтқан ол жағдайды қалар ма едіңіз.
– Мен оған көз жеткізе алмаймын. Сондықтан айта алмаймын.
– Петр Константинович, патшаның басқа елдерді басып алу саясаты дұрыс деп ойлайсыз ба?
– Әрине, дұрыс емес. Кез келген ел өзінің елдігін сақтап қалғысы келеді. Ол үшін белгілі бір шекарадан шықпау керек. Кешегі Шыңғысхан құрған мемлекет қайда кетті? Темір құрған, Александр құрған империя