Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 30

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

күш емес, билік керек. Ал билік қазақта емес, орыста. Ал орыстар қазақтың үлкен ауыл болып отыруын онша қаламайтын сияқты. Оларға қазақтын екі-үш үйден отырғаны дұрыс тәрізді…

      – Сіз осы туралы Карбышевке айтып көрдіңіз бе?

      – Сан рет айтқанмын, ол қазақтарың сол үйренген қалпымен тұра берсін дейді. Мұнда халықтың келешегін ойламағандық бар.

      Мына сөзге Карпов ойланып қалды. Бір сәт не айтарын білмей дағдарып барып, содан кейін айтқаны:

      – Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақыт келеді, сіздің айтқаныңызды орыстардың өзі жасайды.

      – Оған дейін тілден, салттан түк қалмайды ғой.

      Карпов Шоңның сөзінде де бір шындық жатқанын білді. Содан кейін:

      – Бір халықтың өзіңіз айтқан салт-дәстүрлерін құртып жіберу оңай нәрсе емес, – деді.

      – Менің ойым айтады – орыстар соны жасағысы келіп отыр. Тіл өлсе, бәрі де өледі. Қазіргі патша саясаты соған апара жатқан сияқты.

      – Шоң Телкозинович, мен сізге айтып отырмын ғой, орыс саясатында шовинистік көзқарас қүшті. Сіздерді былай қойғанда, орыстар Шығыстан үйрендік демейді. Мен Конфуций философиясын ұнатамын. Ал біздің ғалымдар оған мән бермейді. Қазіргі орыстар өздерін батыстықпыз деп біледі. Ал шын мәнінде олай емес, кезінде шығыстан да үйренгеміз. Мен шығыстың философиясын ұнатамын. Орыс шығыс та, батыс та емес, бір дүбара халық. Бір кезде шығыс дамымаса батыс та дамымайтын еді. Біз мұны түсінуіміз керек. Сіздердің халықтарыңызды атымен атамай жүргені де содан туған. Бір кезде орыстар Алтын Ордаға бағынышты болды ғой. Сол мемлекеттің негізгі күші қыпшақтар болғанын мойындаумыз керек. Қазір тарихта көп нәрсе бұрмалап жазудан туып отыр. Бір кезде Шыңғысхан ұрпағының дізесі орыстарға батып қалды. Олар кімдер? Енді шын мәнінде сіздер екеніне түсіндім. Ал оны орыстар білмейді. Монғолдарды ғана біледі. Өйкені, тарихта, өзіңіз айтқандай, бұрмалау көп. Тарихты қанша өзгертіп жазғанмен одан түк шықпайды. Келер ұрпақ бәрін зерттеп, бәрін орнына қояды. Бұл босқа халықты шатастыру болады. Орыс өзін қанша ұлымын дегенімен ұлы болмайды. Оны ісімен дәлелдеуі керек. Ол үшін алдымен шындықты мойындаған дұрыс. Шоң Телкозинович, қазақтың артта қалып, орысқа бағынышты болуының себебі неде дейсіз?

      Шоң өзімен өзі болып осы мәселе жайында сан рет толғанған еді. Бір пікірге келе алмаған. Қазір де соны айтты:

      – Менің ойымша қазақ қана емес, жалпы, мұсылман халықтарын кейін тартып келе жатқан дін болуға тиісті. Мұхаммед пайғамбардан кейін келген хазіреттер діннің дамуына жағдай жасай алмады. Дін сан ғасыр бір қалыпта тұрып қалды. Қазақтарға дін көп жыл басшылық жасады. Сауатсыз молдалар өз ойларынан неше түрліні тауып, халықты шатастырды. Бұл кезде христиан діні дамып, алға кетті. Христиан дінін зерттеушілер бар. Ол орыс мемлекетінің дамуына да әсер етті. Мұсылман дінінде сурет салудың өзін күнә дейді. Ол өнер емес пе? Босқа өнердің дамуына керегар жағдайлар болды ғой. Бұл білместіктен туған жағдай. Дін де уақытымен таласып дамып отыруы

Скачать книгу