Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 32
Петр Константиновичтің әлгі соңғы сөзінен кейін көңілінде сәл де болса мына адамға деген сенім пайда болды. Әуеліде мені анықтап білу үшін Карбышев жіберіп отыр ма деп ойлап қалған. Дегенмен, Карпов сөйлеген сайын, айтқандары көңілінен шыға бастады. Ол айтқан:
– Қазір Ресейдің саяси көзқарасында бетбұрыс бар. Қазір аренада жаңа адамдар көріне бастады. Мен байқап жүрмін, киргиздарға көзқарас өзгере бастаған тәрізді. Әлі де саясатта шовинистік көзқарас басым болғанымен, ол біртіндеп азаятын шығар
– Сіз Петр Константинович, менің көңілімнен шығатын пікір айтып отырсыз. Мен қалар едім, төрелерді емес, қыпшақтарды көтеру керек ғой. Онсыз ел дамымайды.
– Мен орыс елін басқарсам, басқа халықтарға еркіндік беріп, олармен сауда-саттық жасағанды қалар едім.
– Сіз менің арманымды айттыңыз.
– Ендеше сіз одан күдер үзбеңіз!
– Соны баспасөз бетіне неге жазбайсыз?
– Оған әлі ерте, оған біраз уақыт өтуі керек.
– Оған дейін елдігімізді жоғалтып алмаймыз ба? Арғын, Найман, Қоңырат Керейлерді, басқа тайпаларды әуелінде қыпшақ, кейін қазақ деп атадық, пәлен ғасыр бұрын қыпшақтар болып тұрған кезімізде елдігімізді жоғалттық. Басында дін жолымен қожаларға бағындық, кейін Шығысхан тұқымдарының айтқанын жасап, айдауына жүрдік. Бұлардың ешқайсы да біздің қамымызды ойлаған жоқ. Қожалар кезінде араб діні арқылы салтымыз, дәстүрімізді нығайттық. Монғолдар келген соң оны да жоғалттық. Сауатсыз төрелерге бағындық. Олар бізді соғысқа ғана пайдаланды. Төрт жүз жылдан кейін енді, міне, орыстардың билігіне тап болдық. Енді келешегіміз не болатыны белгісіз… Қожалар да, төрелер де біздің ұлтымызды жоя алмады. Енді міне орыстар келді. Олар тым көп келді. Енді қазақтың ұлттығын жоятын түрі бар сияқты, мен содан қорқамын.
Карпов Шоңның айтқандарының бәрін қағаз бетіне түсіріп алып отырды. Біраздан соң ол Шоңнан сұрады.
– Сіздерде халық саны жүре ме?
– Менің үлкен бабам әр рудың қанша адамы бар екенін есептеп, содан жалпы қазақтың санының қанша екенін біліп отыратын.
– Мынау ғажап шаруа ғой. Осы байтақ жатқан қазақ жеріндегі адамдардың санын қалай біледі? Адам сенбейтін сөз тәрізді.
– Әр ауылда өз руының өсуін жазып отыратын адам бар. Қазақша айтқанда оны шежіреші дейді. Мен де өзімнің руым Тоқалардың санын есептем отырамын. Қазір Тоқада тоғыз болыс ел бар. Соның ең үлкенін мен басқарып отырмын. Әр болыста бірнеше ру бар. Олардың өз шежірешісі бар. Солар адам санын алып отырады. Тоқалардың саны бес мыңнан баяғыда асып кеткен. Мен сияқты қазақ жерінде мындаған шежіресі бар. Бұл әкеден балаға берілетін шаруаға айналды.
– Ал, сонда қазақ саны қанша?
– Шамамен жеті милиондай болып қалар. Қазақ өсімтал халық. Сонау қалмақтармен соғыс кезінде өсу сәл тоқтап қалды. Әйтпесе, қазір сол он бес миллионға шығып кететін еді. Екінші, бір жағдай қазақта жас балалардың