Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 38
– Бұл әлі үйрене алмай жүр, көреміз кейін талай пара алады. Онсыз болыс болып істей алмайды. Мен білемін, болыстардың алуы қандай көп болса, жоғары жаққа беру де сондай. Оны жасамаса біраз жылдан кейін Шоңды орнынан қуады.
Әлсеннің мына сөзі Әйімкүлге ауыр тиді. Енді Әйімкүл де Әлсенмен араздасып қалғандай еді.
– Сен Әлсен, аузыңа келгенді соға берме. Шоңкең осы жүрген болыстардың бәрінен де таза.
Әлсен тағы бірдеңе айтайын деп еді, сөз көбейіп кететінін білді. Және Шоң әйелінің тілін қатты алатын, кейін екеуін шатастырып қоятынын сезіп үндемей қалды. Жойқынбек басқа аттарды әкеп жекті. Сыртта біраз жүріп үйге кірген Шоңға Әйімкүл басқа аттардың жегілгенін хабарлады. Әуелідегі келісім бойынша Әлсен Әйімкүлдің төркін жұртына бірге баратын болған, Шоң мен Әйімкүлдің әлгі қылықтарынан кейін, қиқаңдай бастады:
– Мен бармаймын, өздерің жүре беріңдер.
Түндегі келісім болатын. Шоң жолай Әлсен үйіне соғып, әкесіне сәлем беремін деген. Біраздан бері есігін ашпаған. Әлсен әкесінің Шоңға өкпелі екенін өзі айтқан. Сондықтан міндетті түрде жолай соғып сәлем беріп кетпекші ойы бар еді.
– Әй, Әлсен сен ұмыттың ба, түнде жолда сенің үйіңе соғып әкеңе сәлем беруге келісіп едім ғой. Сенсіз барсам ол не дейді?
– Сен жүре бер, енді мен сенің пәуескеңе мінбеймін. Өзімнің салт атыммен барамын.
Бұлар жүріп кетті. Әлсен өзінің атымен салт келе жатты. Ауылына жақындай бергенде пәуескені тоқтатты да атын Жойқынбекке берді. Пәуескеге Әлсен мінді. Божыны алды, әлі ашулы еді, алдында бір қалыппен келе жатқан аттарды қамшымен тартып-тартып жіберді. Бұрын мұндай қамшы көрмеген, есі шыққан екі ат ала жөнелді.
Шоң үндемей отыр. Әйімкүлдің есі шығып кеткендей болды.
– Әлсен, өлтіресің бе? Бәрінен бұрын қазір пәуеске аударылып, мына балаға жазым болады.
Әлсен оны тыңдар емес. Аттарға қамшыны тағы басты.
– Ештеңе етпейді, Шоң аман болса, әлі талай бала табасың!
Шоң әлі үндемей отыр. Әйімкүлдің жаны шығып кеткендей болды. Аузынан сөз де шықпай қалған бір сәт. Әлсен сол аттың бар жүрісімен айдаған қалпы өз үйінің қасына келіп бір-ақ тоқтады. Шөміш көксау болатын, үй іші қапырық деп қысы-жазы есік алында отыратын. Пар ат жеккен пәуеске екпіндеп келіп есік алдына тоқтағанын жақтырмай қалды. Бірінші пәуескеден Әлсен түскен.
– Әке, Телқозының баласы саған сәлем беремін деп келді.
– Ол қай баласы?
– Әлгі болыс болған баласы.
– Атты айдап келген сол ма?
– Тап өзі!
– Телқозының мына баласы есірік екен ғой. Мені басып кете жаздады…
Бұл кезде Шоң пәуескеден түсіп, асықпай басып, Шөміштің қасына келген. Сөздің шет жағасын естіп қалды ол. Дәнеңе де деген жоқ, келіп қолын алды.
– Сен өзің атты қалай айдайсың?
– Сізге сәлем беруге асығып айдадым.
– Болыс болғандарға есірік