Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 37
– Мына екі атты неге жектің? – деп сұрады Шоң Жойқынбектен. Алдында Әлсен мен емес, Әйімкүл жеккізді деп айт деп үгіттеп қойған. Ол жеккізді десе Шоңның үндемейтінін білетін Әлсен. Жойқынбек не дерін білмей, сасқандай болып тұр еді, есік алдына шыққан Әйімкүл сөзге араласып:
– Мен жеккіздім, – деді. Алдында оған да Әлсен мен берген екі ақ бозды кім жеккізді десе, сен мен жеккіздім де, сонда Шоң ренжімейді деген. Әкесінің үйіне екі қара атты өзгертіп, екі боз жеккізіп сәнімен баруды ойлаған ол да. Соңғы кезде Әйімкүл сәнді киініп, қай жағынан болмасын билердің, байлардың әйелдерінен арттық көрінуге тырысатын. Үстіндегі киімдері де айрықша болатын. Алтын жіптен тіккен камзол-желет. Басында кұндыз бөрік. Тойларда бір жерде кездесіп қалғанда киім киісі басқа болыстар мен билердің әйелдерінен ерекшеленіп тұратын. Мықтылардың әйелдері Әйімкүлге ұқсауға тырысатын. Бірақ оған жете алмайтын. Әйімкүлдің қолы ұзын, қалаға барғанда неше түрлі киім сатып алады. Оның үстіне өзіне жарасатын киімдерді жақсы білетін, талғамы бар еді. Кейде кейбір болыс, бай әйелдері, Әйімкүлге ұқсау үшін сондай киім тауып алып кигенде жараспай тұратын. Не тар, не кең болып, көзге олпы-солпы көрінетін. Кейде түр келбетіне келмейтін. Тіпті, кейде кейбіреулер күлкіге айналдырып жіберетін. Содан көңілі жақын әйелдер Әйімкүлден сұрайтын, саған жарасады, маған неге келмейді деп. Әркімнің жаратылысы әртүрлі. Соған дене бітіміне, өз түріне орайластырып киіну керек, дейді ондайларға Әйімкүл. Бұл сөзді естіген әйелдер, осының бәрін Шоң айтып үйретіп отырғанға бағалайтын. Шын мәнінде, Әйімкүлдің өзіне құдай берген өз қабілеті бартын, қалай киіну жайында оған Шоң ештеңе айтпайтын. Әйелдің талғамы дұрыс екенін ол да білетін. Содан кейін ләм демейтін. Ал Әйімкүл бір жаққа барғанда киініп шыға келгенде, тіптен жасарып кеткендей болып көрінетін. Байқағыш еркектер оны байқап қалатын. Оның үстіне Әйімкүлде зор көңіл бар еді. Шоңның басқалардан артықшылығын білетін. Содан кейін, барлық жағынан басқалардан артық болуға тырысатын. Сәнді киім, сәнді пәуеске, оған көрікті, сұлу ат жегіп жүруге тырысатын. Шоң Әйімкүлдің айтуымен бір жерге барса үнемі бір түсті аттарды парлап жеккізетін. Соған Шоң да үйреніп алған. Бүгін де Әлсеннің айтқаны көңілінен шығып, Әйімкүл ол берген екі боз жорғаны жеккізген. Сыртқа шыққан Шоң екі жорғаның жегулі тұрғанын көріп, жақтырмай қалды:
– Ол екі атты Телқозыға беріп едің ғой, енді әкеп маған тықпалап отырмысың қалай?
– Бұл аттарды жеккізген мен емес, Әйімкүл, – деді Әлсен.
Шоң Әйімкүлге қарады.
– Шоңке, бұл аттар пәуескеге көрік бергендей болып тұр. Одан неге қашасыз? – деді Әйімкүл.
– Мен білемін, әкесі де, өзі де қызметі өтпесе босқа бермейді. Жойқынбек, мына екі атты доғар да, күндегі жегіп