Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 24

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

да жақсы қоршалған әскери-стратегиялық орталық болды. 395 жылы Шығыс Рим империясының құрамына империядағы 14 диоцездің жетеуі кірді: Египет, Азия, Понт, Фракия, Македония, Дания, Шығыс. Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға созылып жатты. Халқының құрамы ала-құла болды: гректер, копттар, еврейлер, арабтар, иллириктер, армяндар, грузиндер. Латын халқы аз болса да VІІ ғасырға дейін латын тілі Шығыс Рим империясының мемлекеттік тілі болып келді. Кейін оны грек тілі ығыстырды. Шығыс Рим империясының құрамына Балқан жартыаралы, Кіші Азия, Солтүстік Месопотамия, Армения мен Грузия жерлерінің біраз бөлігі, Сирия, Палестина, Египет, Киренайка, Кипр, Крит, Родос және Шығыс Жерорта теңізінің біраз аралдары, Қырымның оңтүстік жағалаулары кірді. Бұл жерлерде гректер, иллириктер, фрактар, армяндар, грузиндер, сириялықтар, еврейлер және тағы басқа этникалық топтар өмір сүрді. Гректер империя өмірінің қоғамдық және мәдени өмірінде жетекші рөл атқарды.

      476 жылы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін Шығыс Рим империясы біртұтас империяны жалғастырушы ретінде қалды. Этникалық қалыптасуының әртүрлілігіне қарамастан, оларды Рим империясы деп, ал өздерін «ромейліктер» деп атады. Өзендер бойы мен жазық шатқалдарда (Фракияда, Фессалоника, Пелопоннесте және солтүстік Африкада) бидай өсіру кең тарады. Әсіресе Египетте ол VІІ ғасырдың ортасына дейін империяның негізгі кәсібінің бірі саналды. Бұл жерде, Палестина, Сирия және тағы басқа өңірлерде ерте заманнан келе жатқан жоғары сапалы жерөңдеу жүйесі болды. Зәйтүн мәдениеті, жүзім өсіру және бау-бақша жоғары дамыды. Оңтүстік Фракия және оңтүстік Македонияға қарай Балқан жерлерінде, шатқалдар мен таулы үстірттерде малшаруашылығы кең тарады: ірі қара малдарды, шошқа, ат, есек өсірді. Дәрумендерді өндіру үшін жануарлардың (бұқалар) күшін пайдаланды.

      Қалалардың саны бойынша Шығыс Рим империясы Батыс Рим империясынан әлдеқайда алдыда болды. Константинополь мен Фессалоника, Коринф пен Фивы, Смирна мен Эфес, Никея мен Никомидия, Дамаск пен Бейрут, Антиохия мен Александрия қолөнер мен сауданың, ірі экономика мен саясаттың, мәдениеттің орталықтары еді. Жағалаудағы ұсақ қалалар да өзара және басқа шет мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Империя саудагерлері барлық Жерорта теңізі аймағына өз үстемдігін жүргізді. Олар Кавказға, Орталық Азияға, Қара теңіз жағалауларына, Үндістан мен Қытайға, батысында Британияға, ал шығысында Цейлонға дейін сауда жолдарын қалыптастырды.

      Византияның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады: ерте (ІV ғасырдың бірінші жартысы мен VІІ ғасыр), орта (VІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІ ғасыр), кейінгі (XІІІ ғасыр мен XV ғасырдың ортасы). VІ ғасырдың соңына дейін қоғамдық және саяси өмірдің кейінгі антикалық түрі өмір сүріп, дағдарыс нәтижесінде византиялық империяның тарихы ортағасырлық мемлекет ретінде қарастырылды.

      ІV-VІ ғасырлардағы Византия қоғамы. Шығыс Рим империясының тұрғындарына қолайлы табиғи-климаттық жағдайдан басқа оның аграрлық құрылымы да маңызды

Скачать книгу