Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 25

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

болды. Мұнда жалдамалы жұмысшылар мен құлдар жұмыс істеді. Әсіресе мұндай құлдардың түрлері императорлардың шеберханаларында болды, олар императорларға арнап түрлі әшекей бұйымдарды, қару-жарақтарды, сарай бұйымдарын, тиын мүсіндерін және әскери киім үлгілері мен зергерлік заттар жасады. Византиялық алтын «солид» көп ғасырлар бойы ортағасырлардағы халықаралық ақша ретінде қолданылды.

      Кейінгі Рим империясындағы қолөнершілер мемлекеттік қазына алдында жауапты болды, салық төлеуге өздерінің мүліктерімен жауап берді, яғни салық төленбеген жағдайда мүліктері тәркіленіп отырды. VІ ғасырдың ортасынан бастап, еркін түрде ұйымдасқан қолөнершілер мен шеберханалар қалыптаса бастады. V-VІ ғасырларда қала өмірі кейінгі антик институты бойынша сипатталған еді. Қалалар қауымдастықтың орталығы болып қала берді, өздерінің жер иеліктері мен шаруашылығын сақтады. Қалалар өздігінен басқару құқығын иеленді. Билік органдарының басында жергілікті атақты адамдар (куриялар) үстемдік етті. Куриялар азаматтардан салықтың жиналуына, халық тұрмысының жақсаруына, азық-түліктің кедейлерге таратылуына, түрлі мерекелер мен көрсетілімдер ұйымдастыруға өз мүліктерімен жауап берді. Қалалардың құлдырауына байланысты олар өздерінің жер иеліктерінен, мәртебелерінен айырыла бастады. Ендігі кезекте олардың мүліктері шіркеу иеліктеріне, орталық билікке немесе императордың қарамағына өтті.

      Мемлекет. Жоғарғы билік (заң шығарушы орган, атқарушы және сот) императорға қарады. ІV-V ғасырларда мемлекеттік билік пен христиан шіркеулері арасында одақ құрылды: император шіркеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, шіркеу болса, император билігін дәріптеді. Император христиан әлемінің заңды билеушісі деп саналды. Бірақ оның билігі мұраға қалдырылмады. Биліктің жаңа билеушіге өтуі сенатқа байланысты болды. Сенат өз кезегінде қоғам қайраткерлерімен әскербасылардан, жоғарғы дінбасылардан құралды. Ежелгі Рим дәстүрі бойынша, жоғарғы биліктің өзі «магистраттар» болды, яғни мемлекеттік қызметшілер қатарында тұруы керек еді.

      Империяның әкімшілік аппараты ірі болды. Орталық басқару жүйесі император сарайында тұрақтандырылды. Қызметіне байланысты түрлі дәрежелі титулдар мен иерархялық бөлу сатысы болды. Ереже бойынша жоғары дәрежені белгілі титулы бар, қызмет ету кезінде дәреже алған тұлғалар иемденді.

      ІV-V ғасырларда Константинополь тұрғындары бейресми одақ – димдарды (грек. «демос» халық деген мағынада) құрды. «Партия» адамдары киім түстерінің әртүрлілігімен ерекшеленді. Солардың ішінде ең ықпалдылары жер аристократтары қолдау көрсетіп отырған «көгілдір» және ірі шеберханалар мен Таяу Шығыс саудагерлерінен қолдау көретін «жасыл» киімділер болды. Димдар ежелгі дәстүр бойынша эпархқа қала тәртібін сақтауға, дуалдар мен көшелерді таза ұстауға, әсіресе жиындар мен түрлі оқиғаларға көмек көрсетіп отырды. Сол дәстүр бойынша димдар ипподромға шығып, император мен оның қоластындағыларға өз наразылығы мен ұсыныстарын жасай алды.

Скачать книгу