Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 21

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

каролинг әулетінің негізін қалаушы Карл Мартелл Пуатье түбінде мұсылмандардың жеңіл атты әскерін қуғынға ұшыратады. 751 жылы оның ұлы «Қортық» Пипин король болып тағайындалды. Пипин корольдікті империяға айналдырды (741-768). Папаның одақтасы «Қортық» Пипин Каролинг саясатының басын Италиядан бастады. Пипиннен кейін таққа Ұлы Карл келеді (768-814). Оның тұсында Каролинг империясы гүлденудің ең жоғарғы шегіне жетті. Ұлы Карл 774 жылы Павия королі Дезидерияны тұтқынға алады. Оны тақтан түсіріп, өзі Италия тәжін киеді. Осыдан кейін солтүстік жартыаралда өз билігін дәлелдеу үшін соғысты жалғастырды. Шығыста қарудың күшімен христиандандыру басталды. Ұлы Карлге сакстер өте қатты қарсылық көрсетті. Сакстерді бағындыру 772 жылдан 803 жылға дейін созылды. Уағыздаушыларды жібере отырып, оларға тірек ретінде капитулярий шығарды. VІІІ ғасырдағы Ұлы Карлдың арабтарға жорығы «Роланд әні» деп аталатын деректе беріледі.

      800 жылы Ұлы Карл Батыс Рим империясының императоры болып сайланды. Ұлы Карлдың империясы әртүрлі халықтардан тұрған ұлан-ғайыр территорияны иемденді. 800-840 жылдар аралығы Ұлы Карл империясының ең қуатты кезеңдері болды. Ұлы Карлдың өлімінен кейін империя ыдырап кетті.

      Ұлы Карл ғылым мен білімнің дамуына көп көңіл бөлді. Өз ауласында еріктілердің балаларына арналған мектептер ашып, білім туралы капитулярилер шығарды. Еуропаның көзі ашық адамдарын жинап, франк тілінің грамматикасын құруды, герман халық әндерін жинауды бұйырды. Грамматиканы Ұлы Карл Петр Пизанскийден тыңдады, басқа пәндерден ұстаз ретінде Британияда туып, көп ғылымды меңгерген Альбинді (лақап аты Алкуин) алдырды. Алкуиннен Ұлы Карл шешендікті, диалектиканы, әсіресе астрономияны үйренді. Астрономияның арқасында Карл шіркеу мерекелерін оңай есептеп шығарып, жұлдыздардың қозғалысын бақылай алатын болды. Үлкен мемлекетті басқару үшін сауатты адамдар керек екенін ол жақсы түсінді. Сондықтан оның тұсында ірі монастырьларда, епископтық орталықтарда мектептер ашылды. Гректердің үлгісімен «Академия» деп Ұлы Карл сарай жанынан шағын үйірме ашады. Жазу өнері жанданды, тарихты бағалады. Оның сарайында маңызды оқиғалардың жылма-жыл жазбасы түсірілді. Оны «Аннал» (латынның «жыл» деген сөзінен алынған) деп атады. Мұндағы суреттеген оқиғалар билеушінің мүддесіне сай келуі үшін анналдарды императордың көмекшілері сараптап отырды.

      Алғашқы үш Каролинг – Карл Мартелл, «Қортық» Пипин, Ұлы Карл өз жерлерін ұлғайту мәселесін шешті. Енді жер мұраға қалдырылмады, тек «бенефиция» түрінде берілді. Графтықтар король билігінің басты жүргізушілері mіssі domіnіcі (лат. король елшілері) бақылауында болды. Графтардың күшейіп кетпеуін бақылау мақсатында олардың орнын үнемі ауыстырып отыру дәстүрі қалыптасты. Каролингтер әлеуметтік иерархияның анықталған моделін сайлады. Оған сенімді бағыныштылары мен вассалдары корольге адалдық антын берді. Бұл бағыныштылық барлық әлеуметтік топтарда кең қанат жайды. Бұлар міндетті түрде өз қаражатына корольдің әскерінде қызмет етуге

Скачать книгу