Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 20

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

барлық жерде жойылып бітті. Бұл аймақтардағы феодалдық қатынастардың даму дәрежесіндегі айырмашылықтар, экономикалық қарым-қатынастардың нашарлығы, сол кезде үстемдік еткен натуралды шаруашылықтар бір мемлекет ішінде бірігіп бас қосуларына бөгет жасады және олардың билеп төстеушілерінің арасында соғыстардың жүргізілуіне негіз жасады.

      Төрт аймақтың бәрінде ірі жер иелерінің саяси ықпалының күшеюі VІІ ғасырдың аяғында мемлекеттегі өкімет билігінің майордомдардың қолына өтуге алып келді. Алғашқыда, бұлар корольдің ауласын басқарушылар еді. Кейін майордомдар ірі жер иелеріне айналды. Корольдік аймағының басқару жұмысының бәрі майордомның қолында шоғырланды. Франк корольдігінің төрт аймағының әрқайсысында майордом жергілікті аристократияның жеңілдіктерін қорғаушы көсемі және әскери қолбасшысы болып саналды. Майордомдардың қолдарында алым-салықты жинау ісі де шоғырланды. Меровингердің әулетінен шыққан корольдер нақты өкімет билігінен айырылып, тек корольдік титулды ғана сақтап қалды.

      Франк ақсүйектерінің арасындағы ұзаққа созылған күрестен кейін 687 жылы Австразияның майордомы Пипин Геристальский бүкіл Франк мемлекетінің майордомы болды.

      Франк мемлекетінің Австразия майордомының басқаруымен қайтадан бірігуі осы аймақтағы әлеуметтік құрылыстың ерекшелігімен түсіндіріледі. Корольдікті феодалдандыру процесінде Австразия майордомдары ұсақ және орта феодалдарға, ерікті аллодтарға сүйенді. Австразия майордомдары Франк мемлекетін өз қол астына жинап, бағындырып, қайтадан біріктірді.

      § 2. Каролингтер империясы

      Австразияның Пипиндер әулетінен шыққан майордомдары (Пипин Геристальскийдің ұрпақтары), біріккен Франк мемлекетінің билеушісі болғаннан соң франк корольдерінің жаңа династиясының негізін қалады. Бұл династия кейінірек өз өкілдерінің ең танымалы – Ұлы Карлдың есімімен, «Каролингтер династиясы» деген атқа ие болды. Каролингтер әулетінің өкілдері (Пипиндер) Франк мемлекетін VІІ ғасырдың аяғынан ІХ ғасырдың орта шеніне дейін «жалқау корольдердің» жанындағы майордомдар ретінде ал содан соң корольдер ретінде басқарып биледі. Франк мемлекетінің тарихындағы бұл дәуір «Каролингтік дәуір» деп аталады.

      Каролингтер кезінде франк қоғамында аграрлық қарым-қатынаста төңкеріс жасалды. Бұл төңкеріс жерге феодалдық меншіктің қалыптасуын тездетті. Меровингтердің тұсында басталып, сол кезде баяу жүргізілген бұл үрдіс VІІ-ІХ ғасырларда аса қауырт сипат алды. Жер қарым-қатынасындағы бұл төңкерістің басталуы VІІІ ғасырдың бірінші жартысына жатады. VІІІ және ІХ ғасырлар басында болған аграрлық төңкерістің нәтижесінде Франк қоғамының құрылысында өзгерістер қалыптасты. Пипин Геристальскийдің мирасқоры – майордом Карл Мартеллдің саясатын белгіледі.

      687 жылы Тертридада соғыс болды. Соғыста Австразия мен Пипиндер жеңіске жетті. «Жалқау корольдердің» билігі

Скачать книгу