Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 24
Еңбекте кездесетін жан-жануар, аң-құс, жәндік атаулары: абадан (көкжал, арлан қасқыр, батыста абадан «қасқыр үйірінің басшысы»), андағай (бөкен бұқасы), бадырақ (үкі), бая (нар інгені, батыста бая «тентек, құсаған түйе»), бастармақ (серке), бекіре (мекіре балық, батыста бекіре, моңғолша бэхер), борбаң (суыр), борсаң (борсық), жалбаң-жалбаң (аю маймыл), жар (қос өркешті түйе), жылмаң (абжылан), жылпың (түлкі), жылтың (ақкіс, ақ тышқан), зерең (сарбас жылан), зып (атылмалы оқжылан, батыста зыпу қатты, жылдам жүру), зып-зып (оқжылан), зыпылдақ (қабылан), күркіреуік (арыстан), қандағай (бұлан бұқасы, моңғолша хандгай «бұлан»), қылтың (саркіс), қорғалағыш (балапан, батыста қорғалақ «қорғаншақ»), лыпылдақ (мәлін), өлекшін (қаншық қасқыр), сабаз (сауын сиыр), сылтың (күзен, сасық күзен), сыпсың (қарсақ), сыпылдақ (бөдене), тарбаң (бақа, көлбақа), тарпаң (жабайы жылқы), түккөрмес (мысық), шажан (шаян), шомпыма (балық), шырыншыл (бал арасы), ығыр (ілбіс, «ығыр ететін жыртқыш») және т.б.
Қазақтың мүшел есебінің жыл аттары бұл еңбекте ерекше берілген. Олар белгілі бір жан-жануардың мінез-құлықтарына, қимыл-әрекеттеріне, кейде аңыздағы атауларына байланысты болып келеді: сумақы (тышқан), маңғаз (сиыр), айбар (барыс), секем (қоян), иіртек (ұлу), сумаң (жылан), тұлпар (жылқы), шопан (қой), мешін (мешін), шақырауық (тауық), айтақ (ит), қорысқы (доңыз). Сол сияқты ай аттары, күн аттары да өзіндік ерекшеленеді.
Көне түркі этносының (сондай-ақ қазақ халқының) мүшел есебі бойынша жылдардың ертеден қалыптасқан орындары мен атаулары төмендегідей:
1) сычган «тышқан» (тышқан жылы),
2) уд «сиыр» (сиыр жылы),
3) барс «мысықтұқымдас теңбіл шұбар жыртқыш аң; жолбарыс» (барыс жылы),
4) табышган «қоян» (қоян жылы),
5) лу, луу «аждаһа, айдаһар; үлкен жыртқыш жылан», қытайша «аждаһа» (ұлу жылы),
6) йылан «жылан» (жылан жылы),
7) йунд, йунт «жылқы» (жылқы жылы),
8) қон, қой, қойын «қой» (қой жылы),
9) бічін «маймыл» (мешін жылы),
10) тақагу, тақыгу, тақуқ «тауық» (тауық жылы),
11) ыт «ит» (ит жылы),
12) тоңуз «доңыз, ит доңыз», лагзын «шошқа» (доңыз жылы).
Шығармада бесінші «иіртек» (ұлу), алтыншы «сумаң» (жылан) мен жетінші «тұлпар» (жылқы) жылдарының орындары, оныншы «шақырауық» (тауық) пен он бірінші «айтақ» (ит) жылдарының реттік орындары ауысқан. Шипагер жаңылысты деп санамаймыз. Автордың ерекше сақтық көрсеткені, бөтен адамға сыр шашпау ойы, кердең наданды шатастыру ниеті болғаны анық. Сондықтан мұнда есептік сандар да