Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 48
Ресей империясының ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Қазақстанда жүргізген реформаларынан кейін күн тәртібіндегі басты мәселелер қатарына отарлық шет аймақтардың байлықтары мен ресурстарын игеру үшін ғылыми зерттеулер жүргізу мақсаты қойылды. Қазақстанды зерттеуде Ресей империясының түрлі бағыттағы ведомстволары – Ғылым академиясы, Географиялық қоғам, Қазан университеті жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы ұйымдары айналысты. Бұл бағытта Орыс географиялық қоғамы басты рөл атқарды. Яғни Орынбор генерал-губернаторы осы мәселенің қолданыстық пайдасын көздей отырып, 1867 жылы Ішкі істер министріне мәліметтерді көрсетеді: «…көп жерлерден белгілері табылса да көмір кен орындарының бар-жоғы белгісіз. Дала өңіріндегі отырықшылық мәселесінің саны де белгісіз. Осы мәселелерді шешуде өлкені толықтай ғылыми деңгейде зерттеу кемшіліктер мен қателіктерге ұрындыруы сөзсіз…»75.
Осы мәселеден кейін бірінші кезекте Дала өлкесінің генерал-губернаторы Н.Г. Казнаковтың өтініші негізінде Сібір мен Қазақстанды игеру мақсатында Омбыда Батыс Сібір бөлімі ашылады. Бөлімге жыл сайын 2 мың сом алып тұруға рұқсат етіледі және бөлімнің ережесі бекітіліп, өз ғылыми жұмысын бастайды.
1895 жылы Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімін ашу туралы А.Б. Вревский Императорлық орыс географиялық қоғамына өтініш береді. Нәтижесінде, 1896 жылы Түркістан бөлімін ашу туралы жарлыққа қол қойылады.
Қазақстанның табиғатын зерттеуге бағытталған экспедициялар отарлық қоғам және жергілікті бөлімдер тарапынан да ұйымдастырылып отырды.
Қоғамның ірі экспедицияларының қатарына И.В. Игнатьев, А.Н. Красновтың Тянь-Шаньдағы Хантәңірі ауданына экспедициясы жатады. 1884 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанский Г.А. Колпаковскийге Хантәңірі және оған қатарлас аудандарды зерттеу туралы өтінішін білдіреді. Осындай өтініш 1885 жылы И.В. Мушкетов атынан да Г.А. Колпаковскийге жасалынады. Онда ол: «…Хан Тәңірінің таулары тобын зерттеуді назардан тыс қалдырмауды аса құлдық ете отырып өтінемін», – деп көрсетеді.
1892 жылы С.Н. Никитин басшылық еткен экспедиция Орал даласына ғылыми бағыттағы ізденушілік мақсатта болды. Себебі алға қойылған мақсат теміржол құрылысы бойынша физикалық-географиялық, геологиялық, топографиялық, экономикалық зерттеулер болды.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстанды географиялық, биологиялық және басқа да бағыттарда зерттеу жөнінде нұсқаулар мен бағдарламалар жобалары жасалынды. Нұсқауды орындауға бағытталған «Көшпелі құмдардың сипаты мен таралуын зерттеуге арналған нұсқау» (СПб., 1888 ж.) орталықтандырылған математикалық география және физикалық география бөлімшелерінің комиссия мүшелерінің қатарында И.И. Стебницкий, И.В.Мушкетов, С.Ю.Раунер, Н.А.Соколов, М.А.Рычкаев, Ю.М.Шокальскийлер болды. 1888 жылы «Саяхат кезінде метеорологиялық ескертпелер мен байқауларды жүргізуге арналған нұсқау» шығарылды. Ал 1891 жылы Б. Средневскийдің құрастыруымен «Барометрлік
75
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2002. – 3-том. – 765 б.